24-01-23 |
860 рет қаралған
Қайрат Боранбаевқа қатысты сот процесінде аудио-видео жазба жасауға тыйым салынды.
Қайрат Боранбаевқа қатысты сот процесінде аудио-видео жазба жасауға тыйым салынды

Қайрат Боранбаевқа қатысты сот отырысында аудио-видео жазба жасауға тыйым салынды, деп жазды ҚазАқпарат.

«Кейбір БАҚ өкілдері өздерінің жеке аккаунтарында сот отырысының фрагменттеріне монтаж жасап, алдын-ала баға берілетін субтитрлар салған. Бұл әрекеттерге төрағалық етуші судья ескерту жасағаннан кейін, бейнелер жойылған. Сот отырысы ашық өтіп жатыр. Алайда, 23 қаңтардағы сот отырысы барысында судья дыбыс-бейне жазба жүргізуге, сондай-ақ куәлардың айғақтарын және олардың жеке басына қатысты дербес деректерді жариялауға тыйым салды. Судьяның бұл шешіміне шағым келтірілмейді», – деп мәлім етті Астана қаласы сотының баспасөз хатшысы Ботагөз Баянова.

Қайрат Боранбаевқа қатысты сот отырысы өткен жылы 30 желтоқсанда басталған.

Айта кетейік, «АзияГазЧунджа» ЖШС құрылтайшылары Қайрат Боранбаев пен Роман Нахановқа және «Qazaq Gaz» АҚ Басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Таир Жанұзаққа қатысты істі тергеуді аяқтады. Оларға сұйытылған мұнай газын сатып алу кезінде 14,5 млрд теңге ұрлау және қылмыстық кірістерді заңдастыру фактілері бойынша айыптар тағылуда.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.