22-12-23 |
1810 рет қаралған
Қайрат Боранбаевтың 1,4 млрд теңге тұратын қонақүйі Астана әкімдігіне өтеді.
Қайрат Боранбаевтың 1,4 млрд теңге тұратын қонақүйі Астана әкімдігіне өтеді

Кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың қымбат қонақ үйі Астана әкімдігінің балансына өтеді. Бұл туралы Астана әкімі Жеңіс Қасымбек айтты.

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа тиесілі болған қонақ үйлердің кімге өтетіні жайлы айтты.

«Астана қаласына «Комфорт» қонақүйі өтеді. Финтес орталықтар берілмейді. Қонақүйді әкімдік балансына беру процесі жүріп жатыр. Осы жұмыс аяқталғасын не істейтініміз белгілі болады. Қалада осындай деңгейдегі қонақүйлер жетіспейді. Бұл нысан әрі қарай жұмысын жалғастыруы мүмкін, – деді әкім.

Қайрат Боранбаев тергеумен ынтымақтастығы аясында бұған дейін Comfort Hotel Astana қонақ үй кешені мен Fitnation фитнес орталықтарын мемлекет меншігіне өткізген. БАҚ-та қонақүйдің құны 1,4 млрд теңгені құрайтынын және жылдық айналымы 900 млн теңгеге жуық екенін хабарланған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.