06-10-22 |
570 рет қаралған
Қайрат Сатыбалдының жазасын қайда өтейтіні белгілі болды.
Қайрат Сатыбалдының жазасын қайда өтейтіні белгілі болды

Тұңғыш президенттің ірі көлемде ақша жымқырды деп сотталған немере інісі Қайрат Сатыбалдының жазасын қайда өтейтіні белгілі болды, деп жазды Azattyq Ruhy.

ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің өкілдері мәлім еткендей, Қайрат Сатыбалды жазасын Шығыс Қазақстан облысындағы арнайы мекемеде түзейді.

«Жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін сотталғандар үшін Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №22 мекемесі (ОВ-156/20) қарастырылған», – делінген комитет хабарламасында.

Тақырыпқа орай: Перуашев Сатыбалдының қайтарған қаржысын қалай жұмсау керек екенін айтты.

Еске салсақ, тамыз айының соңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлының және басқа да тұлғалардың «Қазақтелеком» АҚ және «Көлікке қызмет көрсету орталығы» АҚ-да аса ірі көлемдегі қаражат жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтаған болатын. Қыркүйек айының соңында сот оны алты жылға қауіпсіздігі орташа мекемеде өтеу туралы үкім шығарды.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.