23-10-22 |
780 рет қаралған
Қаңтар оқиғасы көптеген жылдар бойы қордаланған проблемаларды көрсетті – Ерлан Қошанов.
Қаңтар оқиғасы көптеген жылдар бойы қордаланған проблемаларды көрсетті – Ерлан Қошанов

ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында Қаңтар оқиғасы Қазақстан тарихындағы ең үлкен дағдарыстың бірі болғанын айтты.

«Қаңтар оқиғасы мемлекетіміздегі көптеген жылдар бойы қордаланып қалған проблемалық мәселелердің бар екенін көрсетті. Соған жауап ретінде Президент соның түп тамырын шешу үшін саяси реформалар жариялады. Оны халық жазғы референдумда қолдады. Бұл қаңтар оқиғасына, ішкі саясатымызда болып жатқан сын-қатерлерге берген жауап болды», – деді ол.

Қошанов сондай-ақ елімізге сырттан төнетін қатерлер де барын атап өтті.

«Қазақстан айналасы лаулап жанып жатқан тұрақсыз елдер інішде тұрақтылық аралы сияқты болып тұр. Оны көре алмайтын, арамызда дүрдараздық туғызғысы келетін сыртта да іште де күштер бар екенін білеміз», – деді спикер.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.