12-06-20 |
510 рет қаралған
Қыркүйек айында астаналық оқушылар мектепке орала ала ма.
Қыркүйек айында астаналық оқушылар мектепке орала ала ма

Фото:http:zhambylnews

«Қыркүйек айында астаналық оқушылар мектепке орала ала ма» деген сауалға Нұр-Сұлтанның бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz.

«Қыркүйекке дейін екі айдан астам уақыт бар. Егер эпидемиологиялық жағдай тұрақталып, тіркелген ауру көлемі 2% -дан төмен болса немесе ешқандай ауру жұқтыру жағдайы тіркелмесе, онда біз бұрынғы өмір сүру қалпымызға ораламыз, ондайда балалар мектепке, студенттер өз оқу орындарында барып, білім ала алады», – деді Жанна Пірәлиева.

Коронавирус инфекциясының таралу қаупіне байланысты 1-10 сыныптарға соңғы қоңырау онлайн режимінде өтті. Тек мектеп түлектерінің аттестат алу шарасы салтанатты жағдайда өтеді, бірақ ол барлық санитарлық нормаларға сәйкес өткізілуі тиіс.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.