28-06-21 |
340 рет қаралған
Қытай Қазақстаннан ет жеткізуге тыйым салды.
Қытай Қазақстаннан ет жеткізуге тыйым салды

Қазақстандық ет өндірушілер өнімдерін Қытайға тасымалдай алмай отыр. 

«Қазақстанның ет одағы» қоғамдастығының бас директоры Мақсұт Бақтыбаевтың сөзінше, мәселенің туындауына әлемдік пандемия себеп болған.

Шыңжаң-Ұйғыр автономдық ауданының бас санитар дәрігері Қытайға Қазақстаннан тасымалданатын етттің кіргізілуіне тыйым салған.

Оның бұл шешімін қазақстандық ет комбинаттарының жұмыскерлері толығымен вакцина алады деген кәсіпкерлердің ұсынысы да өзгерте алмаған.  

«Қазір Қытайға ет экспорты сұраныстың бар болуына қарамастан, тоқтап тұр. Біздің тұрақты сатып алушыларымыз «қашан ет әкелесіздер?» деп күнде сұрап, хабарласады. Тіпті, Қытайда жоғары беделге ие қытайлық ұйымдар да жағдайға әсер ете алмай отыр. Отандық ет өндірушілері қарызға белшеден батуда», – дейді ол.

Біраз келісімшарттарға қол қойылған еді, бұл келісімдердің негізінде алдын ала төлем де жасалған. Бірақ ет тасымалына рұқсат жоқ. Бұл өз кезегінде ет комбинаттарының жұмысының тоқтауына әкеп соғуда», – дейді «Қазақстанның ет одағы» қоғамдастығының бас директоры Мақсұт Бақтыбаев.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.