02-08-22 |
400 рет қаралған
Ресей жауынгерлері Украинада соғысудан бас тартуда.
Ресей жауынгерлері Украинада соғысудан бас тартуда

Украинадағы соғысудан бас тартқаны үшін «ЛНР» абақтысында отырған ресейлік әскерилер тергеу комитетіне тексеріс жүргізіп, кінәлілерді жазалауды сұрап отыр.

Әскери қызметкерлердің айтуынша, ЛНР-дің әр түкпірінен ұсталған140-қа жуық адам «заңсыз бас бостандығынан айырылып, қамауға алынған.

Әскерилер жазған арызда оларды темір торлы терезесі бар бөлмеде есіктің сыртынан құлып ұстағандары айтылады. Тіптен табиғи қажеттіліктерді өтеуге мүмкіндік бермегендіктен олар темір шелек пен пластик бөтелкелер пайдаланған. Азық-түлік бермеген, құжаттар мен заттарды алып кеткен, бөлмеде қарапайым тұрмыстық заттар болмаған.
Оған қоса, бас бостандығынан айырудың заңдылығын растайтын құжат толтырылмаған.
Олар тексеру жүргізіп, билігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі командирлерді жауапқа тартуды сұрайды, деп жазды құқық қорғаушы Павел Чиков.
Қамауда отырғандардың бірі шешесіне жазған хатында былай деген:

«Сендерді үйлеріңе жібермейміз, алдымен СИЗО, кейін Луганскіде сот өтеді»,-деген.
Бұған дейін 26 әйел баласының соғыстан бас тартқаны үшін Луганс облысында қамауға алынғаны туралы айтқан.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.