13-10-22 |
300 рет қаралған
Сайлауға кандидаттар бұрынғыдай тапсырыс бойынша таңдалып жатыр – саясаттанушы.
Сайлауға кандидаттар бұрынғыдай тапсырыс бойынша таңдалып жатыр – саясаттанушы

Саясаттанушы Досым Сәтбаев Жаңа Қазақстандағы сайлау науқанын сынға алды.

Оның айтуынша, президент сайлауына үміткерлердің басым көпшілігі кезінде Назарбаев саяси жүйесін құруға атсалысқандар.

«Сол кездегі сайлаулар қалай өткенін дәл қазір де көріп отырмыз. Кандидаттардың пайда болуы, бұрынғыдай тапсырыспен алынғаны, бәрі бұрынғыдай.

Н.Назарбаев тұсында олардың көпшілігі саяси мақұлдаудың бір бөлігі болды және проблемалар туралы қатты айтудың орнына үнсіз қалды, биліктің қателігіне ашуланудың орына оны қолдады, сондықтан ол тұңғиыққа апарды. Олар ештеңені өзгерткілері келмеді, өйткені мансап маңыздырақ болды», – дейді Д. Сәтбаев.

Оның айтуынша, кезіндегі Назарбаев ұжымы енді Тоқаев ұжымына трансформацияланбақшы.

«Саяси-технологиялық тұрғыдан алғанда, билік ағымдағы президенттік қайта сайлау кезінде осы тобырдың кейбірін «көтергісі» келеді, осылайша оларды парламенттік сайлауға жіберуді көздеп отыр деп болжауға болады», – дейді ол.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.