21-09-22 |
350 рет қаралған
Шойгу 300 мыңға жуық резервшіні шақыру жоспарлары туралы мәлімдеді.
Шойгу 300 мыңға жуық резервшіні шақыру жоспарлары туралы мәлімдеді

Ресейдің Қорғаныс министрі Сергей Шойгу «Россия 24» телеарнасына берген сұхбатында 300 мыңға жуық резервшіні шақыру жоспарлары туралы мәлімдеді.

«Бізде үлкен мобилизациялау ресурсы бар… 300 мың резервші шақырылатын болады», – деді ол.

inbusiness.kz-тің жазуынша, ол запастағы Қарулы Күштер ішінара мобилизациялауға жататынын нақтылады.

«Бұған дейін қызмет еткендер, әскери есепке алу мамандығы бар, яғни бүгінде Қарулы Күштерге қажет мамандық жауынгерлік тәжірибеге ие адамдар ғана шақырылады», – деді Шойгу.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.