04-09-19 |
450 рет қаралған
Статистика комитеті ең төменгі күнкөріс деңгейін атады.
Статистика комитеті ең төменгі күнкөріс деңгейін атады

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті тамыз айына арналған елдің ең төменгі күнкөріс деңгейін жариялады. Статистика комитетінің дерегі бойынша Қазақстанда күнкөріс деңгейінің ең төменгі көрсеткіші 31982 теңге екен.

Мәліметтер бойынша, негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2019 жылғы тамызда 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 21% жоғарылаған екен.

Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі – 18,9%, сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқаны, жемістер мен көкөністерді – 13,7%-дан, нан және жарма өнімдерін – 6,9%, қант, шай және дәмдеуіштерді 1,8% құрады.

Елде ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы орта есеппен жан басына шаққанда 31982 теңге болса, оның ішінде азық-түлік тауарлары – 17590 теңге, азық-түлік есем тауарлар мен, көрсетілетін қызметтер – 14392 теңгені құрап отыр.

Ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бір адамға арналған ең төмен ақшалай кiрiс. Ең төмен тұтыну себетi адамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құн түріндегі ең төмен жинағын білдіреді. Ол азық-түлік себетінен және азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың тіркелген үлесінен тұрады. Ең төмен күнкөріс деңгейін есептеуге арналған аз тұтынылатын азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың үлесі ең төменгі тұтыну себеті құнының 45 пайыздық мөлшерінде белгіленген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.