11-10-22 |
410 рет қаралған
Субсидия қаражатын талан-таражға салған лауазымды тұлға сотталды.
Субсидия қаражатын талан-таражға салған лауазымды тұлға сотталды

Қызылорда облысында ірі көлемде инвестициялық субсидия қаражатын талан-таражға салып, жымқыру дерегі бойынша облыстық ауылшаруашылық басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іске сот үкімі шықты.

ҚР Қаржылық монитринг агнеттігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, мемлекеттік қызметкерлер бірнеше шаруа қожалықтарында ешқандай жұмыс атқарылмастан, жабдықтар қойылмастан, жұмыстың толық орындалғаны туралы жалған құжат әзірлеген.

Одан соң ақпаратты Qoldau.kz жүйесіне енгізіп, субсидия беру туралы өтінімге электронды қол қойып, мемлекеттен 25 миллион теңгеге жуық қаражат ұрлап, жымқырған. Келтірілген залалды қылмыстық іске қатысушылар толық өтеді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.