15-12-23 |
980 рет қаралған
Тәуелсіздік күні: Алматы полициясы күшейтілген режимге көшті.
Тәуелсіздік күні: Алматы полициясы күшейтілген режимге көшті

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстардың, сондай-ақ басқа да заңсыз әрекеттердің дер кезінде алдын алу және жолын кесу мақсатында Алматы полициясы күшейтілген қызмет түріне көшірілді.

Осыған орай, ПД-ның басшысы Арыстанғани Заппаров Алматы гарнизонының бірыңғай саптүзеуін жүргізді.

– Тәуелсіздік күні – орасан зор күш-жігердің арқасында осы мәңгілік құндылыққа қол жеткізген көптеген ұрпақтарға көрсетілген құрмет. Біздің алдымызда қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды міндеті тұр. Бұл біздің конституциялық және кәсіби парызымыз, ал оны жоғары ұйымдастырушылықпен және сапалы деңгейде орындау – департамент органдары мен бөлімшелерінің барлық қызметкерлерінің абыройлы міндеті. Әрбір полиция қызметкері қылмыспен және құқық бұзушылықпен күрес заңдылықты қатаң сақтауға негізделгенін есте ұстауы керек. Мемлекеттілік бізге болашаққа батылдықпен қарауға, болашағымызды айқын көруге мүмкіндік берді, – деді, Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.