07-01-21 |
310 рет қаралған
ТРАМП ЖАҚТАСТАРЫНЫҢ ӘРЕКЕТІН БАЙДЕН «БҮЛІК» ДЕП АТАДЫ.
ТРАМП ЖАҚТАСТАРЫНЫҢ ӘРЕКЕТІН БАЙДЕН «БҮЛІК» ДЕП АТАДЫ

АҚШ-тың кезекті президенттік сайлауында жеңіске жеткен Джозеф Байден  халыққа үндеу жасады. Ол Вашингтонда болып жатқан тәртіпсіздіктерді тоқтатуды сұрайды, деп жазды rbk.ru.

«Үкіметке қауіп төндіру – наразылық емес.  Бұл – бүлік. Жағдай әлем назарында тұр. Ұзақ уақыт бойы демократияның жарқын үлгісі болып келген ұлтымыздың қараңғы әрекеті мені есеңгіретіп тастады»,- дейді Байден.

Шетелдік басылымдардың хабарлауынша, Капитолийді басып алу кезінде қаза тапқандар саны төрт адамға жеткен. Жарақат алғандар бар. Қаза болғандар туралы мәліметті Вашингтон билігі растайды. Жергілікті полиция басшысының мәліметінше, наразылық кезінде 14 полиция қызметкері жарақат алған.

Еске салсақ, бүгін 7 қаңтарда Дональд Трамптың жақтастары Капитолийге, одан кейін Вашингтондағы сенат залына басып кірген болатын. Президенттік сайлаудың нәтижелері бекітілуге тиіс кездесулерге кедергі жасалды.  

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.