07-10-22 |
420 рет қаралған
Әзірбайжан ЕО-ға газ жеткізуді екі есеге арттырмақ.
Әзірбайжан ЕО-ға газ жеткізуді екі есеге арттырмақ

Баку «Еуропа үшін маңызды стратегиялық энергетикалық серіктеске айналады», – деді президент Ильхам Әлиев. Әзірбайжан ресурстарына сұраныс күрт өсті, деп жазды Zakon.kz.

Әзірбайжан Еуропаға газ экспортын айтарлықтай арттыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Прагада республика президенті Ильхам Әлиев мәлімдеді, деп хабарлайды Deutsche Welle.
Ол әлемдегі қазіргі геосаяси жағдай Әзірбайжан ресурстарына сұранысты күрт арттырғанын атап өтті.

«Еуроодақпен қол қойылған меморандум негізінде біз алдағы жылдары Еуропаға газ экспортын кем дегенде екі есеге арттыруды жоспарлап отырмыз. Яғни, өткен жылы 9 миллиард текше метр болса, 2027 жылы ол кемінде 18 миллиард текше метр, мүмкін одан да көп болуы мүмкін», – деді Ильхам Әлиев.

Оның айтуынша, республика жаңа газ кен орындарын игеруге кірісіп жатыр. Сонымен қатар жұмыс істеп тұрған кен орындарындағы өндіріс көлемі артады. Сонымен бірге Әзірбайжанда жаңартылатын энергия көздерін пайдалану табиғи газдың үлкен қорын жасайды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.