27-01-23 |
770 рет қаралған
Зеленский: Украинаға 12 ел танкі жеткізуге әзір.
Зеленский: Украинаға 12 ел танкі жеткізуге әзір

Украина президенті Владимир Зеленский кешкілік үндеуінде Канаданың танкі жеткізу жөніндегі бастамасына Батыстың 12 елі қолдау білдіргенін мәлімдеді.

«Террористерге мықты қару ғана тойтарыс бере алады. Сондықтан лаңкестерге қарсы тұруда нағыз іс-әрекет жасап жатқан бүкіл әлемге алғысымды білдіремін. Бірі Украинаға қару жеткізуді жылдамдатып жатса, тағы бірі террористер мемлекетіне санкциялық қысымды үдетіп жатыр. Негізінен танкілік коалицияны кеңейтіп жатырмыз, Канада тарапынан осыған сәйкес шешімдер бар, ол үшін көп рахмет! Біздің танкілік коалициямызда қазір 12 ел бар», – деді Зеленский.

Бейсенбі күні Канаданың Қорғаныс министрі Анита Ананд ел үкіметі жақын аптада Украинаға төрт Leopard-2 танкілерін жіберетінін мәлімдеді. Сондай-ақ АҚШ, Британия, Норвегия, Испания мен Нидерланд та танкі жеткізуге ниетті екендіктерін айтқан.

Алдын ала болжам бойынша Украинаға 100-ге жуық Leopard-2 танкілері жеткізілмек.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.