27-07-24 |
7480 рет қаралған
Париж олимпиадасы: дзюдошы Елдос Сметов чемпион атанды.
Париж олимпиадасы: дзюдошы Елдос Сметов чемпион атанды

Дзюдодан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Елдос Сметов 2024 жылы Парижде өткен Олимпиадада алтын медаль жеңіп алды.

Сметов 60 келі салмақта финалға шықты. Ол татамидегі басты жекпе-жекте Токио-2020 қола жүлдегері француз Лука Мхеидзе қарсы шықты.

Шешуші текетіресте Сметов жеңіске жетті. Елдос ұпай жинай білді. Ол бұл басымдығын жекпе-жектің соңына дейін сақтап, ақырында жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілді.

Айта кетейік, Елдос спорттық мансабында үшінші рет Олимпиада жүлдесін жеңіп алды. Риода (2016) күміс, Токиода (2020) қола алқаға ие болды.

Қазір Қазақстанның қоржынында екі медаль бар. Бұған дейін оқ атудан Александра Ле мен Ислам Сәтбаев қола жүлде алған болатын.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.