Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

Жәнібек Әлімханұлы IBF чемпионы атағынан айырылды

/
Жәнібек Әлімханұлы IBF чемпионы атағынан айырылды
Сурет: No Limit Boxing

Боксшы Жәнібек Әлімханұлы IBF чемпионы атағынан айырылды, деп хабарлады Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рақымжан Ерденбеков, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Бүгін, тура бір сағат бұрын IBF-тен шешім келді. Өздеріңіз білетіндей, IBF ұйымының қатаң ережелері бар, олар өз хаттарында соған сілтеме жасап отыр. Хатқа сәйкес, Жәнібек Әлімханұлы 2026 жылдың 2 желтоқсанына дейін жекпе-жектерден шеттетілді. Сондай-ақ олардың ережесі бойынша, кез келген салмақ дәрежесіндегі чемпион өз белбеуін тоғыз ай ішінде қорғауы тиіс, яғни Жәнібек оны 2026 жылдың 4 шілдесіне дейін қорғауы керек еді. Қалыптасқан жағдайға байланысты 2026 жылғы 5 наурызда IBF директорлар кеңесі титулды дереу бос деп жариялау туралы шешім қабылдады», - деді Ерденбеков сәрсенбі күні.

Ол «бұл жағдай Жәнібектің командасы үшін үлкен сабақ болды» деген пікір білдірді.

«Дегенмен, ол үлкен рингке осы жылдың өзінде бұрынғыдан да қуатты болып оралады және жақын арада әлемдік төрт белбеудің төртеуін де жеңіп алады. Өз кезегінде, Жәнібектің командасы бұл іс бойынша апелляциялық шағым түсіреді», - деп толықтырды Ерденбеков.

Естеріңізге сала кетейік, 3 желтоқсанға қараған түні Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлынан допинг табылғанына байланысты тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаған болатын.