Футболдан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы ЕУРОПА ЧЕМПИОНАТЫ 2019 ІРІКТЕУ ТУРНИРІ аясында өткен мачта Қазақстан U-17 құрама командасы өздері құрыптас партулалиялық жастардан 10:0 есебімен күйрей жеңілді.
Авейру қаласында өткен ойында Португалия футболшылары біздің қақпамызға әр таймда бес доптан соқты. Ал, аға жаттықтырушы Игорь Свечников баптаған жастар «Мунисипал-де-Авейру» стадионынынан құралақан қайтты.
Футболдан Қазақстан U-17 жасөспірімдер құрамасының ойыншылары мен жаттықтырушылары:
қақпашылар: Константин Пузанов («Динамо Минск», Беларусь), Әділ Жанайдар, Владимир Бирюков (екеуі де «Кайрат»);
қорғаушылар: Жасұлан Ержігіт («Оңтүстік» академиясы), Дамир Қасаболат, Арсен Азатов, Владислав Бутырин, Александр Широбоков, Лев Кургин (барлығы – «Қайрат»), Теңізбай Әбдірахманов, Юрий Аханов (екеуі де «Астана»);
жартылай қорғаушылар: Мағжан Бауыржан, Әділет Қуаныш (екеуі де «Қайсар М»), Қахрамон Хасанов («Оңтүстік» академиясы), Айбар Құсайынов, Ален Айманов, Абдулла Шен (барлығы – «Қайрат»), Нұрғайни Бөрібаев («Астана»);
Әділхан Добай («Оңтүстік» академиясы), Байжан Маделхан («Қайрат»);
жаттықтырушылар штабы: Игорь Свечников – аға жаттықтырушы, Иван Азовский – аға жаттықтырушының көмекшісі, Ерлан Махамбедиев – аға жаттықтырушының көмекшісі, Александр Убыкин – қақпашылар бапкері, Сергей Елисеев – дәрігер, Станислав Ведлер – массаж жасаушы, Дінмұхамед Оралов – менеджер.
U-17 Қазақстан құрамасы келесі матчын 13 қазан күні Уэльс командасымен өткізеді, ал қазаның 16 жұлдызында Беларусь құрамасымен ойнайды.
Деректер:
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024