04-02-19 |
2490 рет қаралған
Жәнібек Әлімханұлы бесінші рет жеңіске жетті.
Жәнібек Әлімханұлы бесінші рет жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы 25 жастағы Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокста бесінші рет жеңіске жетті деп хабарлайды vesti.kz сайты. Ол АҚШ-тың Фриско қаласында (Техас штаты) өткен бокс кешінде 28 жастағы Стивен Мартинеспен кездесіп, жеңіске жеткен. Сегіз раундтан тұрған жекпе-жек бесінші раундта аяқталған. 

Бұл – Қазақстан боксшысының кәсіпқой бокстағы бесінші жекпе-жегі, оның үшеуі АҚШ-та өткен.

Әлімханұлы әуесқой бокста жүргенде 2013 жылы әлем чемпионы атанды. 2016 жылы Риода өткен олимпиада ойындарына қатысты. 2016 жылы Алматыда кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізді. Ал 2018 жылдың маусымда АҚШ-тағы Top Ring проумоутерлік компаниясымен келісім-шарт жасасқан.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.