10-09-21 |
630 рет қаралған
Sun Finance Cup ауыл балаларын кезекті футболға шақырды.
Sun Finance Cup ауыл балаларын кезекті футболға шақырды

Ақмола облысында ауыл балаларына арналған Sun Finance Cup кезекті футбол турнирі өтеді.

«Бұл Sun Finance Cup-тің үшінші аймақтық турнирі болмақ. Маусым айында бірінші турнир Маңғыстау облысында өтті, шілдеде біз Ақтөбе облысында турнир өткіздік. Барлығы екі жүзге жуық ауыл балалары қатысты », – АуылФутбол жобасының жетекшісі Серік Мәмбетов.

Турнир 2021 жылы 19 қыркүйек күні өтеді. Онда шамамен 8 команда қатысады деп жарияландв, бұл шамамен 100-ге жуық бала. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады. Сондай -ақ комиссия «Үздік бомбардир», «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Үздік шабуылшы» және «Үздік ойыншы» номинациялары бойынша ойыншыларды анықтап, марапаттайды.

 

Жыл басынан бері #АуылФутбол жобасы бойынша бірнеше турнирлер, жаттықтырушыларға арналған жарыстар, дәрістер мен семинарлар, сонымен қатар балалар мен жаттықтырушыларға арналған экскурсияларды қамтитын Футбол Уикенді өткізілді. 2021 жылдың мамыр айында Sun Finance облыстық турнирлері мен ауылдық футбол клубтарына арналған сыйлықтар үшін 5 (бес) миллион теңге бөлді.

#АуылФутбол жобасы 2020 жылдың қаңтарында Алматы облысы, Райымбек ауылында басталды. Оның бастамашысы – журналист, әлеуметтік белсенді Серік Мәмбетов. Жобаның негізгі идеясы – ауылдағы балалар футбол командаларына көмек көрсету.

Жобаны жүзеге асыру барысында 30 -дан астам ауылдық командаларға футбол жабдықтары, саймандар, доптар және т.б табысталды, сонымен қатар 20-ға жуық турнир өткізілді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.