10-01-20 |
540 рет қаралған
«Тиісті шара қолданамыз» – Футбол федерациясы Жуковтің сөзіне қатысты пікір білдірді.
«Тиісті шара қолданамыз» – Футбол федерациясы Жуковтің сөзіне қатысты пікір білдірді
Қазақстан Футбол федерациясының Бас хатшысы Азамат Айтқожин ұлттық құраманың жартылай қорғаушысы Георгий Жуковтің отандық жанкүйерлерге жазған сөзіне қатысты пікір білдірді деп хабарланған федерацияның ресми сайтында.

«Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Қазақстан Ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Георгий Жуковтің айтқан сөзі таралды.

Футболшымен кездесіп, сөйлесеміз. Тиісті шара қолданамыз. Ұлттық құрамада ойнайтын футболшылар ел намысын абыроймен қорғауы міндет!» – дейді Азамат Айтқожин.

Еске салсақ, қазақстандық футболшы Георгий Жуков Польша журналистеріне берген сұхбатында «Қазір бәрін өзгертуді шештім, Польшаның лигасы Қазақстандікінен жақсырақ, — дейді Жуков Польшада. — Мен үшін бұл жерде апта сайын біршама жоғары деңгейде ойнауға мүмкіндік бар екендігі маңызды болды. Ақшаға қарамаймын… Әйтпесе Қазақстанда қалар едім, себебі ол жақта маған жақсы қаржылық ұсыныс болған», -деген Жуков сұхбтында.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.