11-10-18 |
2640 рет қаралған
Туған жерге ту тіккен футболшы қыз Бәтиә Багулли.
Туған жерге ту тіккен футболшы қыз Бәтиә Багулли

Футболдан U-19 жасөспірім қыздар құрамасының намысын Американың Калифорния штатынан келген қазақ қыз да қорғап жүргенін спорт жанкүйерлерінің бірі білсе, бірі біле бермейді. Осы күндері Швецияның Хельсинбор қаласында Еуропа 2019 чемпионатының іріктеу турнирі аясында Қазақстан жастар құрамасының шабуылы өтінде ойқастап жүрген 17 жасар Бәтиә Багулли (Batya Bagully) – «Сан-Диего Серф» клубының форварды.

Бәтиә туралы УЕФА ресми сайтында 2016 жылы «Бәтия Багулли түп тамырына қалай қайта оралды?» атты мақала жарияланған болатын. Ол мақалада «ЛА Галакси Сан-Диего» шабуылшысы Бәтиә Багулли Македонияда өткен УЕФА даму турнирінде туған елімен қайта қауышуға мүмкіндік алды делінген.

Сондай-ақ, УЕФА сайтының айтуы бойынша, дарынды шабуылшы Багуллиді Қазақстаннан америкалық отбасы асырап алған кезде ол он айлық сәби еді. Ол 8 жасынан бастап Калифорниядағы LA Galaxy San Diego академиясында футбол ойнауды үйрен бастады, кейіннен туған елінің өкілі болуға Қазақстан Футбол Федерациясынан (КФФ) шақырту алып, оны қабылдайды.

Бөбек күнінде асырап алып, мұхиттың ар жағындағы Америкада өмір сүрсе де, қыздарына туған жерін, ата-тегін ұмыттырмай өсірген анасы Стефани мен әкесі Джеймс Бәтиәні ертіп, ұзақ, әрі маңызды даму турниріне сапар шегеді.

Багуллидің алғашқы саяхаты Шымкенттен басталыпты. Онда Скопьедегі УЕФА турниріне дайындық аясында өзінің жаңа ұлттық құрамасымен екі апта жаттығыпты. «Шымкентке сапарым өте ұзақ болды, бірақ бұл жер өте керемет және әдемі»,- дейді Бәтиә. «Мұнда ағылшынша көп сөйлемейді, бірақ бұл футбол – ал футбол қандай тілде болмасын бірдей, сондықтан мен шынымен де жақындай түсудемін, тәжірибемді асыға күттім».«Туған елімнің атынан шығуым, осында болуым мен үшін зор мақтаныш»,- деді ол UEFA.org сайтына берген сұхбатында. «Бұл менің басымнан өткен ең ғажап жайт болды, әбден жүзеге асқанша осылай болуы мүмкін емес деп ойлаған едім!»-дейді футболшы қазақ қызы.

Республикалық спорт сайтына берген сұхбатында да Бәтиә өзінің қазақ екенін, есімі арғы әжелерінің бірінің құрметіне қойылғанын және Өскеменде дүниеге келгенін де айқан екен.

Деректер:

www.uefa.com

www.sports.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.