11-01-24 |
7120 рет қаралған
Алматы метросын салуда 5 млрд теңге жымқырылған.
Алматы метросын салуда 5 млрд теңге жымқырылған

Бас көлік прокуратурасының кеңейтілген алқа отырысында 2023 жылдың жұмысы қорытындыланды.

Бас көлік прокуроры Сүлейменов Тимур өзінің сөзінде көліктегі заңдылықты қамтамасыз ету бойынша қабылданған кешенді шаралармен жүйелі проблемалық мәселелерді шешу жолдары табылғанын, сондай-ақ кәсіпкерлер мен еңбек ұжымдарының құқықтары қорғалғанын атап өтті.

«Мемлекетке 53 млрд теңгеден астам сомаға активтер қайтарылды. 1 367 қадағалау актісі қаралып, олармен 5 932 азаматтың конституциялық құқықтары қорғалды және әртүрлі жауапкершілікке 1 358 тұлға тартылды», – делінген Бас көлік прокуратурасы алқасының баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Сондай-ақ «Метрополитен» КМК, «Алматыметроқұрылыс» АҚ лауазымды тұлғаларына және басқа да тұлғаларға қатысты 5 млрд теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын жымқыру және Алматы қаласының метрополитенін салу кезінде жалған шот-фактуралар жазып беру деректері бойынша тергеу аяқталғаны айтылды. Қылмыстық іс-материалдары сотқа жолданды.

Алқа отырысында көлік прокуратурасының 2023 жылғы қадағалау жұмысы қоғамды ақпараттандыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында белсенді түрде жарияланғаны атап өтілді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.