25-05-21 |
430 рет қаралған
Елімізде ауыл әкімдері сайланады.
Елімізде ауыл әкімдері сайланады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды. Бұл туралы Arasha.kz Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды. 

Сондай-ақ Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңдардың мәтіні алдағы уақытта баспасөзде жарияланады.

Еске салсақ, енді аудандық деңгейдегі қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдері сайланады. Сонымен бірге, саяси партиялардың Парламент пен мәслихатқа өтуіне қойылған 7 пайыздық шек 5 пайызға дейін төмендетілді.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.