26-12-19 |
590 рет қаралған
Ақбөкендерді атқан адам 1,5 жылға бас бостандығынан шектелді.
Ақбөкендерді атқан адам 1,5 жылға бас бостандығынан шектелді

Батыс Қазақстанда ақбөкендерді атқан адам 1,5 жылға бас бостандығынан шектелді деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

БҚО Жәнібек ауданы прокуратурасымен заңсыз қару қолданып киікті ату фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істің заңдылығына тиісті қадағалау ұйымдастырылып, заңдылықтың сақталуы қамтамасыз етілді.

  Анықталғаны, 2019 жылғы 23 маусымда Ақоба ауылының тұрғыны азамат А. «Адабай» су бөгетіне велосипедпен барып, «ИЖ-54» аңшылық қаруымен су ішуге келген 3 аталық және 1 аналық киікті атып алып, мемлекетке 14 млн. теңге көлемінде зиян келтірген.

  Дегенмен, зерттеу кезінде қылмыстық істің ақтайтын негіздермен тоқтатылғаны анықталып, аудан прокурорымен тергеушінің қаулысы бұзылып, іс сотқа жолданды.

  Аудандық соттың 2019 жылғы 13 желтоқсандағы үкімімен Қылмыстық кодекстің 339-бабымен (жануарлардың пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың дериваттарымен заңсыз айналысу) А. кінәлі деп танылып, оған 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды және мемлекет пайдасына 14 млн. теңге өндірілді.

  Айғақты заттар «ИЖ-54» қос ауызды 12 калибрлі аңшы мылтығы және 5 дана оқ-дәрілер тәркіленіп, жойылды.

  Сот актісі заңды күшіне енген жоқ деп хабарлайды ҚР Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.