25-03-24 |
18740 рет қаралған
Алматы облысында 18 жастағы қызды айуандықпен өлтіріп кеткен.
Алматы облысында 18 жастағы қызды айуандықпен өлтіріп кеткен

Қонаев қаласында 18 жастағы Жаннұр есімді қызды аса қатыгездікпен өлтіріп кеткен.

Туыстарының айтуынша, төрт қылмыскер болған, барлығы да Қонаевтың тумалары. Алдын ала болжам бойынша барлығы 18 бен 21 жас аралығындағы бозбалалар.

Солардың бірімен Жаннұрдың жақында танысқаны айтылады. Шамамен 14-15 наурыз аралығында қызды аяусыз өлтірген. Қыздың телефонын тартып алып несие рәсімдегенжәне қала сыртына алып шығып, таяқпен ұрып-соғып, Бақанас ауылының маңында далаға тастап кеткен.

Туыстарына оның мәйіті 21 наурызда табылғанын айтты. Қыздың әпкесі мәйітханада оның денесін таныған. Оның айтуынша, денесі жан түршігерлік жағдайда болған, көгерген бетінде сау жер болмаған, қолында байлау іздері болған.

Қонаевтың ПД-нің хабарлауынша, күдіктілердің барлығы ұсталған. Бірақ, туыстары екеуі ғана ұсталды, екеуі бостандықта жүр деп отыр. Мәліметтер нақтыланып жатыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.