29-03-24 |
6290 рет қаралған
Алматыда Тұрғын үйдің күзетшісін аса қатігездікпен өлтірген.
Алматыда Тұрғын үйдің күзетшісін аса қатігездікпен өлтірген

Әлеуметтік желіде Меркур Тауерс тұрғын үй кешенінің күзетшісін айуандықпен өлтірген видео тарады.

«Алдын ала мәлімет бойынша, күзетші мен сол үйдің тұрғыны арасында жанжал туындап, нәтижесінде 45 жастағы ер адам күзетшінің өміріне сәйкес келмейтін дене жарақаттарын салған», – деп хабарлады Алматы полиция департаменті.

Аталған жайт бойынша адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың басқа да мән-жайлары анықталуда», – деп қосты полицейлер.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.