06-02-21 |
580 рет қаралған
Ақтөбеде Азия чемпионын атып кетті.
Ақтөбеде Азия чемпионын атып кетті

Ақтөбеде санаулы күнде ел кубогына арналған жарысқа баратын киокушинкай каратэден Азия чемпионы кісі қолынан қаза тапты. Спортшыға жастар арасындағы жанжал кезінде оқ атылған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қайғылы оқиға 4 ақпан күні тіркелген. Жастар арасындағы жанжал кезінде оқ атқан күдікті қамауға алынды. Полиция «Кісі өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғады.

«4 ақпанда бір топ жас таныс қыздың туған күнін атап өту үшін қаланың ескі бөлігінде үй жалдаған. Шара барысында жастар арасында қақтығыс болып, оның салдарынан атыс қаруын қолдану арқылы кісі өлтіру орын алды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталып, ұсталды және ол кісі өлтіргенін толық мойындап, полиция қызметкерлері тәркілеген қылмыс құралын жасырған жерді көрсетті.

Кісі өлтіру фактісі бойынша ҚР ҚК 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.  Күдікті Ақтөбе қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды»,-деп хабарлайды облыстық ПД-ның баспасөз қызметі.

Марқұм Дәулет Хайролла Ақтөбе қаласының тұрғыны. Ол киокушинкай каратэден Азия Кубогінің иегері, Қазақстан Кубогінің иегері, қоңыр белбеу иегері. Жас спортшы  16 ақпан күні Қаскелеңде өтетін Қазақстан Кубогіне баруы тиіс еді.

Қазаға спорт басқармасы қайғырып көңіл айтады.

«Өте ауыр қаза. Жанып тұрған жас болатын. Оқиға спортшыларға ауыр әсер етті. Оның отбасына, туысқандарына қайғыра көңіл айтамыз»,- дейді облыстық спорт басқармасының басшысы Евгений Гончаров.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.