26-12-19 |
610 рет қаралған
Биыл елде заңсыз ұсталған 725 адам босатылды – Бас прокуратура.
Биыл елде заңсыз ұсталған  725 адам босатылды – Бас прокуратура

Бас прокуратураның 2019 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша, өткен жылмен салыстырғанда қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 17 %-ға азайды. Кісі өлтіру 11%-ға, бұзақылық 28%-ға, есірткі қылмысы 12%-ға қысқарған.  Бұл туралы ҚР Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлайды.

Мәлімет бойынша прокурорлардың көмегімен 30 мың қызметкердің жалақысы өтелген. Берешектің жалпы сомасы 2 млрд. теңгеденастам.

Прокурорлық ықпал ету актілері бойынша 17 мыңнан астам адам әр түрлі жауапкершілікке тартылды. Мемлекет кірісіне 30 млрд теңге өндіріп алынған. 37 мың пайдаланылмайтын жер телімдері кері қайтарылды.

Соттарда 47 млрд теңге сомасында мемлекеттің мүддесі қорғалған.

Бас Прокурор Мемлекет Басшысы Жолдауының негізгі бағыттарына айрықша мән берді. Қылмыстық процесте заңдылықты қамтамасыз етуде және адам құқықтарын сақтауда прокурорлардың үйлестіруші рөліне баса назар аударды.

Ағымдағы жылы прокурорлар 219адамды негізсіз қудалауды тоқтатты. Қызметтік үй-жайлардан және изоляторлардан 725 заңсыз ұсталған адам босатылған.

Прокурорлардың өтініштері мен наразылықтары бойынша соттар 1172 азаматқа қатысты үкімді қайта қарады. Прокурорлардың бастамасымен  36 адам ақталған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.