08-04-24 |
3110 рет қаралған
Биыл іздеуде жүрген 600-ден астам қылмыскер ұсталған.
Биыл іздеуде жүрген 600-ден астам қылмыскер ұсталған

Жыл басынан бері ІІМ криминалдық полиция іздеуде жүрген 633 қылмыскерді ұстағандарын мәлімдеді.

Олардың ішінде 17 кісі өлтіруші, 15 тонаушы, 9 қарақшы, 7 бопсалаушы және 35 есірткі қылмыскері бар.

– Қылмыскерлерді іздеу тек Қазақстанда ғана емес, шет елде де жүргізіледі. Оларды ұстауға Интерпол көмектеседі. Биыл қаңтарда Анкара қаласында біз Түркияның Ішкі істер министрлігімен және Интерпол Бас хатшылығымен кездесу өткіздік. Қазіргі уақытта әр түрлі қылмыстар жасағаны үшін іздеудегі 12 қылмыскер Түркияда ұсталды, – деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.