22-08-23 |
630 рет қаралған
Боранбаев қылмысын мойындады.
Боранбаев қылмысын мойындады

Қайрат Боранбаев сотта кінәсін мойындады. Сот отырысы Сарыарқа ауданының №2 сотында өтті.

Апелляциялық алқа Боранбаевтың және істің басқа екі қатысушысының: Роман Наханов пен Тайыр Жанұзақтың ісін қайта қарады.

Судья Сламбекова Қайрат Боранбаевтан «Сіз кінәңізді мойындайсыз ба?» деп сұрады.

Процессуалдық келісімге сәйкес – иә мойындаймын, – деді Боранбаев.

Іс ашық сот отырысында қаралды. Сотталушылар мен олардың қорғаушылары сот құрамына сенетіндерін айтты. Қатысушылардың туыстарында ешқандай қарсылық болған жоқ. Боранбаевты қорғау тарапы және оның өзі қылмыстық қудалау органдарымен ынтымақтастық туралы өтініш жасайды.

Еске салайық, 31 наурызда кәсіпкер Қайрат Боранбаев 8 жылға сотталған болатын. Қаржы мониторингі агенттігі мәліметінше, «АзияГазЧунджа» ЖШС құрылтайшылары Қайрат Боранбаев пен Роман Наханов және Qazaq Gaz АҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Таир Жанұзаққа сұйытылған мұнай газын сатып алу кезінде 14,5 миллиард теңге ұрлау және қылмыстық кірістерді заңдастыру деректері бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Ұлттық компанияға келтірілген залал Qazaq Gaz АҚ шоттарына аудару арқылы толық көлемде өтелді. 

Ал 2 шілдеде Қайрат Боранбаевқа қатысты үкім күші жойылды. Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы кәсіпкер Қайрат Боранбаев пен оның ісі бойынша басқа да айыпталушылар Роман Наханов пен Тайыр Жанұзаққа газ бағасы туралы құжаттың түпнұсқасы болмағандықтан үкім күшін жойды.

Arasha.kz

ФОТО: Тұрар Қазанғап

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.