09-01-24 |
5330 рет қаралған
Костенко шахтасындағы өлімге қатысты 19 адам күдікке ілінді.
Костенко шахтасындағы өлімге қатысты 19 адам күдікке ілінді

Төтенше жағдайлар министрі Костенко атындағы шахтадағы қайғылы оқиғаға кімнің қатысы бар екенін айтты.

Төтенше жағдайлар министрлігінің айтуынша, 19 күдікті бұл жай қызметкерлер емес, болған оқиғаға жауапты инженерлік-техникалық қызметкерлер.

«Бұл жауапты шенеуніктер. Барлық материалдар құзырлы органдарға берілді, олардың кінәсін сот анықтайды. Бұлар – бас директор Яблонский, кадр бөлімінің директоры Винокурова, АМТ Огай көмір департаментінің атқарушы директоры және Белый көмір департаментінің техникалық директоры», – деді Шәріпханов.

Естеріңізге сала кетейік, 28 қазанда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Костенко шахтасында 700 метр тереңдікте өрт шығып, одан кейін метан-ауа қоспасы жарылған болатын. Апат салдарынан 46 жұмысшы қаза тапты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.