14-02-24 |
3720 рет қаралған
Қазақстанда ресейлік кәсіпкерге іздеу жарияланды.
Қазақстанда ресейлік кәсіпкерге іздеу жарияланды

Ресейлік кәсіпкер Михаил Сутягинскиге Қазақстанда іздеу жарияланды. Алматыда ҚР Ішкі істер министрлігінің бастамасымен іздеу ісі тіркелген.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында Михаил Сутягинскийдің профилі пайда болды.

Ол Titan компаниялар тобының негізін қалаушы. 2008-2011 жылдары Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты болды.

«Silicium Kazakhstan» ЖШС-і 2006 жылы наурызда құрылған. Құрылтайшылары келесі компаниялар болды: Basco, Titan және ThyssenKrupp. 2008 жылдың желтоқсанында металл кремний шығаратын зауыт салынды, бірақ жоба сәтсіз аяқталды. Сот ісі басталды.

Біраз уақыттан кейін Silicium Kazakhstan бас директоры Александр Сутягинский (ізделіп жатқан Михаилдің ағасы) серіктестіктердің бірінің бас директоры Михаил Гаркушкинді өлтіруге оқталуды ұйымдастырғаны үшін 12 жылға бас бостандығынан айырылды, содан кейін босатылды. Сот залында алты жылға шартты түрде сотталды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.