08-01-24 |
5400 рет қаралған
Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты тергеу аяқталды.
Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты тергеу аяқталды

Адвокат Жанна Мұхамади Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты тергеу амалдары аяқталғанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, өткен аптаның соңында Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы хабарланған. Сондай-ақ ол іс бойынша жүргізілген барлық сараптамалармен танысқанын жеткізді. Бірақ қылмыстық істің материалдарымен әлі толық таныспаған.

«Менің мұндай істер бойынша тәжірибем өте көп, мен бұрын кісі өлтіру істеріне қатысқанмын, бірақ тіпті сарапшылардың қорытындысы мені таң қалдырды. Мұндай қатыгездікті, суық қанды көрген емеспін. Қазіргі уақытта Салтанаттың отбасына деген құрметіміз үшін кісі өлтіру оқиғасының мән-жайын айта алмаймыз. Тараптар іс материалдарымен танысып, қорғаушылық өтініштерін бергеннен кейін іс шешім қабылдау үшін прокуратураға жіберіледі», – деді адвокат.

Бұған дейін ІІМ мен прокуратура аталған іс бойынша күдіктінің ағасы қамауға алғанын хабарлаған. Адвокат істің барлық материалдарымен әлі таныспағанын, бірақ тәжірибеге сүйене отырып, күдіктінің ағасына ҚР Қылмыстық кодексінің 434-бабы (қылмыс туралы хабарламау) бойынша айып тағылуы керек дегенді айтты.

«Баптың диспозициясы: «Алда болайын деп тұрған немесе жасалған аса ауыр қылмыс туралы сенімді түрде хабардар етпеу – алты мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не алты жылға бас бостандығын шектеумен жазаланады», – деді Жанна Мұхамади.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.