05-01-24 |
9140 рет қаралған
Шымкентте көші-қон полициясы қызметкері алаяқтық үшін сотталды.
Шымкентте көші-қон полициясы қызметкері алаяқтық үшін сотталды

Шымкент қаласының прокурорлары әлеуметтік несиелік тұрғын үй алудың қылмыстық схемасын анықтағандарын мәлімдеді.

Көші-қон полициясы қызметкерінің 16 адамға қатысты әлеуметтік баспана алу үшін тұрғылықты тіркелу уақытына заңсыз өзгеріс енгізу фактісі анықталған.

«Жинақталған құжаттар Қылмыстық кодекстің 369-бабының2-1-бөлігінің негізінде СДТБТ-гетіркелді (құқық қорғау органының қызметкері жасаған қызметтік жалғандық) және тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс сотқа жолданды. Сотта көші-қон полициясы қызметкерінің кінәсі толық дәлелденіп, ол «полиция майоры» шенінен айырумен 1,5 жылға сотталды», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар тағы 147 адамды жалған тіркеуге қою фактісіне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру жалғасуда.

Қазіргі уақытта кезекке жалған тіркелу мүмкіндігін болдырмайтын және негізсіз өтініштерді сүзуге мүмкіндік беретін жаңа автоматтандырылған жүйе енгізілді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.