29-12-23 |
10970 рет қаралған
Украинадағы соғысқа қатысқан қазақстандық снайпер сотталды.
Украинадағы соғысқа қатысқан қазақстандық снайпер сотталды

Сәтбаевта Украинадағы соғысқа қатысқан мерген алты жылға сотталды.

Сәтбаев қалалық соты 59 жастағы Леонид Г.-ны шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу бабы бойынша алты жылға бас бостандығынан айырды. Облыстық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды.
Іс материалдарына сәйкес, ер адам 1998 жылы Сәтбаевтан Беларусьқа көшіп, отбасымен Гомель облысында тұра бастаған. 2014 жылы Украинаға барып, диверсиялық-барлау тобына снайпер ретінде кіреді.

2014-2015 жылдар аралығында ол қоғамдық қауіпті және өз іс-әрекетінің заңсыздығын біле тұра, ЛНР және ДНР аумағында болған. Және қарулы қақтығысқа қатысушы тараптың азаматы болмаған, сондай-ақ жіберілмеген. Қазақстан азаматтығына ие бола отырып, қарулы қақтығысқа және шет мемлекеттің аумағында, яғни Украинада жалдамалылық белгілерінсіз қасақана қатысқан, қарулы күштердің құрамындағы адам ретінде қызметтік міндеттерін орындаған, – делінген сот үкімінде.

Соғыс кезінде гранатаның жарылуынан ер адам миы шайқалып, дене жарақатын алған. Осылайша ол Белоруссияға қайта оралуға мәжбүр болды. Лоевский аудандық ішкі істер басқармасының қызметкерлері оның үйін тінтіп, 100-ге жуық түрлі калибрлі патрондарды, басқа да оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды тапты.

Оқ-дәрілерді заңсыз сатып алғаны және алып жүргені үшін жазасын өтеген соң ер адам Қазақстанға депортацияланды.

Мұнда ол бөтен соғысқа қатысқаны үшін сотталды. Ол кез келген заңсыздықты жоққа шығарса да, куәгерлер оның әскери ерліктері туралы қалай мақтанатынын айтып берді. Оның үстіне ер адам Украинаға қарсы соғысқа жалдамалы ретінде қайта оралғысы келген. Оның күнделігінен аты-жөнінің қасында «ФСБ» деп жазылған адамның телефон нөмірі табылды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.