15-01-24 |
6230 рет қаралған
Жетісу облысында депутатты өлтіріп кетті.
Жетісу облысында депутатты өлтіріп кетті

15 қаңтарда Үшарал қаласында Жетісу облысы Алакөл аудандық мәслихатының депутаты Дәурен Слямовты біреу пышақтап өлтірді.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, сағат 15:25-те Алакөл аудандық полиция бөліміне Үшарал қаласындағы салынып жатқан нысандардың бірінде біреу мас күйде жұмысшыларды қудалап жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

«Полиция жеткен кезде күдікті 24 жастағы жергілікті тұрғын жұмысшыларды қорғауға шыққан 34 жастағы ер адамды пышақтап, оқиға орнынан қашып кеткенін анықтады. Оқиға қоңырау түскеннен кейін 5 минутта болған. Алайда жәбірленуші алған жарақатынан жедел жәрдем көлігінде көз жұмды», – делінген хабарламада.

Ұсталған азамат Алакөл аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажет сараптама тағайындалды.

Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жарияланбайды.

Бұған дейін Петропавлда Рабочий елді мекеніндегі үйлердің бірінен үш адамның мәйіті табылғаны хабарланған еді. Ер адам мен әйел және олардың 17 жастағы ұлы болды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.