16-02-24 |
6830 рет қаралған
Жетісу өңірінде бейтаныс азамат кәмелетке толмаған қызды жәбірлеген.
Жетісу өңірінде бейтаныс азамат кәмелетке толмаған қызды жәбірлеген

ҚР Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығына елорда тұрғыны Жетісу облысында тұратын 2011 жылы туған кәмелетке толмаған жиен немере қарындасына көмек көрсету және құқықтарын қорғау шараларын қолдануды сұрап жүгінген.

Осыған орай, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жетісу облысы бойынша өкілі білім басқармасы қызметкерлерінің, облыстық балалар құқықтары жөніндегі уәкілдің және тәуелсіз педагог-психологтың қатысуымен жұмыс сапарын ұйымдастырды. Іс-сапар барысында комиссия мүшелері жасөспірімнің тұрмыстық жағдайы талапқа сай келмейтінін атап өтті.

Психологпен әңгімелесу барысында қыз бейтаныс адамның жәбірлеу дерегін растаған.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өкілінің айтуынша, бейтаныс адам жасөспірімнің ернінен сүймек болып, әдепсіз сөздер айтқан, бірақ оның туыстары ешқандай шара қолданбаған. Оқиғаға қатысты жалғыз ағасы шағымданған, ол барлық құзырлы органға жиенін қорғауды сұрап хат жаза бастаған.

Полицейлер қыздың бұл деректі «ойдан шығарып жатқанын» айтып, шағымды қабылдамағаны атап өтілді.

Нәтижесінде Уәкіл өкілі Жетісу облыстық полиция департаменті мен облыстық прокуратураға тиісті сауалдар мен ұсыныстар жолдады.

Қазіргі уақытта Жетісу облысы бойынша ПД Сарқан аудандық полиция бөлімі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 124-бабының 1-бөлігі – «Кәмелетке толмағанға қатысты күш қолданбай, әдепсіз әрекеттер жасау» бойынша қылмыстық құқық бұзушылық фактісін сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.