Logo
Іздеу
Айдарлар

Бір миллионнан астам азамат несиелік қарызы үшін сотқа тартылып жатыр

/
Бір миллионнан астам азамат несиелік қарызы үшін сотқа тартылып жатыр
Фото: коллаж arasha.kz

Түркиядағы экономикалық ахуал халыққа бұрынғыдан бетер қысым жасап отыр. Елде несие мен банк картасы бойынша қарызын өтей алмаған азаматтардың саны күрт өскен. Банктер қарыздарды жаппай сотқа жолдауда.

Түркия банктер одағының (TBB) 2025 жылдың мамыр айына қатысты деректеріне сәйкес:

162 617 адам банк картасындағы қарызы үшін сотқа тартылған;

171 123 адам тұтынушылық несие бойынша қарызын өтей алмаған.

2025 жылдың қаңтарынан мамырына дейінгі аралықта сотқа жіберілген қарыз иелерінің жалпы саны – 1 039 000 адам. Бұл – өткен жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда 39 пайызға көп көрсеткіш.

Мамандардың айтуынша, қарыз жүктемесінің өсуі мен өмір сүру деңгейінің төмендеуі халықтың қаржылық тұрақтылығына кері әсер етіп отыр. Қазір Түркия билігі бұл жағдайға байланысты арнайы қаржылық қолдау шараларын қарастыруда.

Серіктес жаңалықтары