Logo
Іздеу
Айдарлар

Депутаттарға мемлекеттік тендерге қатысуға тыйым салу бойынша петициясы жарияланды

/
Депутаттарға мемлекеттік тендерге қатысуға тыйым салу бойынша петициясы жарияланды

Қазақстандықтар депутаттарға тендерге қатысуға тыйым салуды ұсынып отыр. Аталған петиция GosRating.com порталында жарияланды.

Ұсыныс мәслихат депутаттарына және олардың туыстарына қатысты. Мәтінде мәслихаттардың жергілікті бюджеттерді бекітіп, олардың орындалуын бақылауда маңызды рөл атқаратыны атап өтілген.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңға (2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II, 2022 жылғы 5 қарашадағы №157-VII өзгерістерімен) сәйкес, мәслихаттар жергілікті бюджеттерді бекітіп, олардың орындалуын қадағалайды. Бұл депутаттарға мемлекеттік қаржыны бөлуге қатысты ақпарат пен ықпал ету мүмкіндігін береді, ал бұл өз мүддесіне пайдаланылуы мүмкін», – делінген жазбада.

Бастамашылар тобы билікке келесі шараларды қабылдауды ұсынып отыр:

- «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заңға толықтыру енгізу – 6-бапқа мәслихат депутаттары мен олардың жақын туыстарына (жұбайы, ата-анасы, балалары, бауырлары мен әпке-қарындастары) мемлекеттік тендерлерге қатысуға тыйым салу туралы норма қосу;

- «Жақын туыстар» ұғымын ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес нақты анықтау;

- Мәслихат депутаттары мен олардың туыстарының тендерге қатысуға дейінгі мүдделерін міндетті түрде декларациялау және бұл тыйымның сақталуын бақылайтын тәуелсіз орган құру;

- Тыйымды бұзған жағдайда әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік енгізу, соның ішінде депутат мандатынан айыру және айыппұлдар белгілеу.

Петиция авторының пікірінше, бұл шаралар жемқорлық схемаларының алдын алуға көмектеседі.

Серіктес жаңалықтары