Logo
Іздеу
Айдарлар

Инфляцияның өсуіне басты себеп қандай? Ұлттық банк жауап берді

/
Инфляцияның өсуіне басты себеп қандай? Ұлттық банк жауап берді
фото: Ұлттық банк

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,5% деңгейінде қалдырды және оны 2025 жылдың соңына дейін өзгертпейміз деген болжам жасап отыр. Бұл Бас банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді.

Инфляция біздің болжам аясында қалыптасып отыр. Естеріңізде болса, биылғы жылға арналған болжамымыз – 10,5–12,5%. Елде ішкі сұраныс тұрақты, фискалдық ынталандыру, тұтынушылық несие беру, инфляциялық күтулердің жоғары болуы, тарифтік реформа, баға реформасы мен салық-бюджет саясатының реформасы сақталып отыр. Бұл қазіргі қатаң ақша-несие саясатын ұзақ уақыт бойы ұстап тұру қажет екенін білдіреді. Базалық мөлшерлеме биылғы жылдың соңына дейін өзгермейді деген ықтималдықлық жоғары, – деді Тимур Сүлейменов 

Осы ретте Қаржыгерлер қауымдастығының сауалнамасына қатысқан сарапшылардың басым бөлігі базалық мөлшерлеменің 16,5% деңгейінде сақталатынын болжаған еді. 

BCC Invest сарапшылары да осындай пікірде. Сөздерінше, жылдық инфляция 2024 жылдың соңы мен 2025 жылдың басындағы баға саясатына байланысты өсіп жатыр, бұл ретте соңғы айда ғана инфляция баяулаған.

 Сарапшылардың болжамы бойынша, инфляция 2025 жылдың қыркүйегінде шарықтау шегіне жетіп, 12,3% болады. Сонымен қатар валюта бағамының динамикасы да тұрақтану белгілерін көрсетіп отыр. 

Жалпы макроэкономикалық жағдай Ұлттық банктің мандаты шеңберінде салыстырмалы түрде тұрақты болып отыр, бұл реттеушіге базалық мөлшерлемені сақтауға мүмкіндік береді. Базалық мөлшерлеменің көтерілуі елдің қаржылық тұрақтылығының төмендеу қаупін тудырса, ал оны төмендету – инфляцияның өсу қаупіне әкелуі мүмкін, – делінген BCC Invest сараптамасында.

Ал қаржы сарапшысы Расұл Рысмамбетов болса қазіргі жағдайда базалық мөлшерлемені көтеру орынсыз деп есептейді. Оның айтуынша, шамамен үш ай күтіп, инфляцияның динамикасын бағалау керек. Егер күзге қарай инфляция деңгейі жоғары күйінде қалса, онда мөлшерлемені көтеру мүмкіндігін қарастыруға болады.

Ең ықтимал сценарий: бейтарап немесе орташа қатаң риторикамен үзіліс. Нарық әзірге мұндай сигналдарда баға белгілемейді, бірақ алғады мәлімдемелерге назар аударады. Сырта болып жатқан тәуекелдер мен импорттық инфляция қазіргі мөлшерлемені қайта қарауды қажет етпейді, - деді қаржы сарапшысы Эльдар Шамсутдинов.

Ұлттық банктің мәліметінше, ақша-несие саясаты жөніндегі комитет қажет болған жағдайда базалық мөлшерлемені көтеруі мүмкін екенін жоққа шығармайды.