Logo
Іздеу
Айдарлар

"Сынақтан кейін сый алған күн! Қазағыма бас идім": Тамара Асар алғысын білдірді (ФОТО)

/
"Сынақтан кейін сый алған күн! Қазағыма бас идім": Тамара Асар алғысын білдірді (ФОТО)
ашық дереккөзден

Белгілі әнші Тамара Асар ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен "Қазақстанның Халық әртісі" атағына ие болды. Өнер иесі бұл мәртебелі марапат туралы жаңалықты әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, жүрекжарды жазба қалдырды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Әнші өз алғысын білдіре отырып, бұл жетістікті ұзақ жылғы еңбектің және сындарлы жолдың жемісі деп бағалады:

"Сынақтан кейін, сый алған күн... Алланың бұйыртқаны осылай екен. Бергенін жақсылығымен, қайырымен берсін! Мені "Қазақстанның Халық әртісі" марапатыммен құттықтап жатқан қалың еліме – қазағыма бас иемін. Құттықтаған жандардың әрқайсысының кеудесінде осындай алтын жұлдыз жарқырай берсін", – деп жазды әнші.

Өнер иесі 25 жыл бойы Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясында үздіксіз еңбек етіп келе жатқанын атап өтті.

"Маңғыстаудың бірде-бір мерекесінен қалып көрген жоқпын. Мемлекеттік айлықпен-ақ шүкіршілік етіп, шақырса да, шақырмаса да, туған жерімнің сахнасында өнер көрсетіп жүрмін. Уақыт өте келе әндерім Астана мен Алматы сахналарына жетіп, бүкіл Қазақ еліне тарады. Маған туған жерімнің ризалығы – ең үлкен марапат", – деді ол.

Тамара Асардың айтуынша, 2023 жылы "Халық әртісі" атағы қайта енгізілгеннен кейін, оны бұл марапатқа Маңғыстау облысының әкімдігі мен мәдениет басқармасы алғашқылардың бірі болып ұсынған.

"Биыл сол ұсыныстың нәтижесімен, міне, Президентіміздің қолынан марапат алу бақыты бұйырды. Бұл – менің ғана емес, Маңғыстаудың, туған ауылым Ақшұқырдың абыройы", – деп жазды Тамара Асар.