Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Атыраудағы қылмыс туралы айтқан хакер сот алдында жауап берді

Атыраудағы қылмыс туралы айтқан хакер сот алдында жауап берді
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Әлеуметтік желіде «Хакер Атырау» деген атпен танылған Нұрлан Жаңбырбаевқа қатысты сот талқылауы жалғасып жатыр. Ол 12 адамға жалпы сомасы 13 миллион теңге көлемінде материалдық шығын келтірді деген айыппен сот алдында жауап беруде, деп хабарлайды Arasha.kz.

32 жастағы Нұрлан Жаңбырбаевқа алаяқтықтың 12 эпизоды бойынша айып тағылған. Тергеу мәліметінше, оның әрекетінен 12 азамат зардап шеккен.

Сот барысында айыпталушы жәбірленушілердің тоғызымен есеп айырысып, олардың қаражатын қайтарғанын айтты. Сондай-ақ қалған шамамен 4 миллион теңгені де өтеуге дайын екенін жеткізді.

Дегенмен ол өзіне тағылған айыпты толық мойындамай отыр. Жаңбырбаевтың сөзінше, ол азаматтардың ақшасын алаяқтық жолмен иемденбеген.