Атырау қаласында Sulpak дүкеніне жақын орналасқан қазандықта жарылыс болды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Жарылыстың күшті болғаны соншалық, маңайдағы үш қабатты тұрғын үйдің терезелері қирап, екі автокөлікке зақым келген.
Оқиға салдарынан бір адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыс газ баллонынан шығуы мүмкін. Алайда оқиғаның нақты себебі әзірге белгісіз. Қазір тиісті мамандар мән-жайды анықтап жатыр.