Logo
Іздеу
Айдарлар

Білімі – толық емес орта: прокурор Перизат Қайраттың түйіндемесін жария етті

/
Білімі – толық емес орта: прокурор Перизат Қайраттың түйіндемесін жария етті

Астанадағы мамандандырылған тергеу сотында прокурорлар Перизат Қайрат туралы мәліметтерді жария етті. 

Бұған дейін шетелде оқыды, бірнеше дипломы бар деп есептелген ол тіпті толық орта білімге де ие емес болып шықты.

– Қайрат Перизат 1991 жылдың 5 шілдесінде Ақтөбе облысында туған. Тұрмыста емес. Бұрын таратылған “Biz Birgemiz – Қазақстан – 2030” қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы және басшысы болған. Психиатриялық немесе наркологиялық есепте тұрмайды. Білімі – толық емес орта, – деді прокурор Мәдина Оразалина.