Logo
Іздеу
Айдарлар

Бауыржан Байбек келсін. Перизат Қайрат сотта күтпеген мәлімдеме жасады...

/
Бауыржан Байбек келсін. Перизат Қайрат сотта күтпеген мәлімдеме жасады...

Астанада Перизат Қайраттың ісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Айыпталушы тарап күтпеген өтініш жасап, Nur Otan партиясы төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті куәгер ретінде тергеуге шақыруды сұрады деп жазды Ertenmedia.

Перизат Қайрат сот барысында Байбектің атын бірнеше мәрте атап, атышулы іске басқа да ықпалды тұлғалардың қатысы бар екенін меңзеді.

"Маған анаммен бірге қор құрып, құрылтайшылардың қолтаңбасын қолдан жасады деген айып тағылды. Бірақ бұл қор партия жанынан, Бауыржан Байбектің жетекшілігі кезінде ашылған. Менен өзге құрылтайшылардың бәрі бұрынғы және қазіргі партия қызметкерлері. Сондықтан алдымен солардың жауабын тыңдау керек», – деді Перизат Қайрат сот залында.

Ол қорға түскен ақшаның жымқырылу ісінде партияның жоғары лауазымды өкілдерінің қандай рөл атқарғанын анықтап алуды сұрауда.

Еске сала кетейік, Бауыржан Байбек 2019 жылдың маусымынан 2022 жылдың қаңтарына дейін Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары болған. Қазір Кипрде тұрып жатыр дейді.