Қазақстанның арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексельге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл мәліметті Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы растады, деп хабарлады ҚазТАГ.
«Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы 2025 жылғы 4 шілдеде Қылмыстық кодекстің 146-бабы 2-бөлігі 1), 2) тармақтарында көзделген қылмыс (азаптау) жасады деген күдікпен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Тергеу департаменті басшысының бұрынғы орынбасары Кексель О.И. күдікті деп танылғанын хабарлайды», – делінген Бас прокуратураның мәлімдемесінде.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге мәліметтер жария етілмейді.
Айта кетейік, Олеся Кексель бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро Тергеу департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған.
Сондай-ақ 3 шілдеде дәл осы бап бойынша бюроның бұрынғы басшысы Талғат Татубаев ұсталған болатын.