Logo
Іздеу
Айдарлар

Алматыда ірі жол апатынан 23 адам зардап шекті

/
Алматыда ірі жол апатынан 23 адам зардап шекті
Сурет:  Zakon бейнематериалынан скрин

Жол-көлік оқиғасы кеше сағат 18:10 шамасында Алматы қаласының Алатау ауданында болды. Апатқа бірнеше көлік қатысқан: МАЗ жүк көтергіші, №10 бағыттағы маршруттық автобус және үш жеңіл автокөлік.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, Бурундай тас жолымен шығыс бағытта келе жатқан МАЗ жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, бір бағытта келе жатқан екі көлікпен — Mercedes пен KIA Sportage-пен соқтығысқан. Кейін қарсы бағытқа шығып кетіп, жолаушылар автобусы мен Subaru көлігіне соғылған.

«Жол апаты салдарынан 23 адам зардап шекті. Олардың ішінде автобустың жолаушылары мен KIA Sportage жүргізушісі бар. Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу басталды», — деп хабарлады Алматы ПД.

Айта кетейік, осыған ұқсас жағдай биыл сәуір айында да болған еді. Алатау ауданында, Новая мен Бурундай көшелерінің қиылысында жүк көлігі жаяу жүргіншілер жолағымен өтпек болған жеті жасар қызды қағып, бала оқиға орнында қаза тапқан болатын.