Logo
Іздеу
Айдарлар

Өскемен әуежайында 157 млн теңгенің ұрлығы анықталды

/
Өскемен әуежайында 157 млн теңгенің ұрлығы анықталды
фото: airport-uk.kz

«Өскемен әуежайы» АҚ басшылығына қатысты қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану, аса ірі көлемде сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және ақшаны заңдастыру фактілері бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМА) баспасөз қызметі.

«Бес жыл бойы бұрынғы президент пен басқа да лауазымды тұлғалар жалақыны көтеру, жалған сыйақылар мен жасанды келісімшарттар арқылы жүйелі түрде ақша жымқырған. Ұрланған қаражат кейін касса арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылған. Сонымен қатар, компанияның көліктері баланстан шығарылып, нарықтық бағасынан әлдеқайда төмен бағамен туыстас адамдарға сатылған», – делінген сәрсенбі күні ҚМА хабарламасында.

Бұдан бөлек, компанияға тиесілі коммерциялық жылжымайтын мүліктер де жеңілдетілген шарттармен жалға берілгені анықталған: жалдау бағасы төмендетілген әрі жалға алынған аумақтың көлемі азайтылған.

Мемлекетке келтірілген жалпы залал — 157 миллион теңге.

Сот санкциясымен күдіктілердің 126 миллион теңгеге бағаланатын мүлкіне, 4 пәтерге, жер учаскесіне және 2 автокөлікке тыйым салынды.

Күдіктілер қамауға алынды.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жариялауға жатпайды.