Жарылыс салдарынан автокөлік аударылып, жол жамылғысы бүлінді.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға Бұқар жырау бульвары бойында болған. Айнала қоршалып, жүргізуші мен жолаушы ауруханаға жеткізілді.
«QazaqGaz Аймақ» АҚ мәліметінше, 16 шілде күні жаңадан салынған орташа қысымды жер асты газ құбырына қысым сынағы жүргізіліп жатқанда, мердігер ұйым — «СантехКомплектГрупп» ЖШС жұмысы барысында ауа қоспасы сыртқа шыққан.
Оқиға салдарынан жол жамылғысы, бір ағаш және бір автокөлік зақымданған.
«Оқиға орнына қаланың барлық тиісті апаттық қызметтері шұғыл жетті. Қазір оқиға орны тексеріліп, себептері анықталуда. Аумағы қоршалған, халыққа қауіп жоқ. Қаза тапқандар жоқ», – делінген хабарламада.